«Қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік жоқ. Тиісті есептеулер жасалғаннан кейін, сондай-ақ нақты партия елге жеткізілгеннен соң және нақты сома бар екенін көрсек, сол кезде айта аламыз», - деді А. Цой Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол әзірге аталған вакцинаның құны айқындалмағынын жеткізді.
«Вакцина құнын белгілеу кезінде екпені жеткізу құнын назарға аламыз. Алдағы 1-2 айда жеткізіледі», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіліп жатқанын айтты.
Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды.