«Жалпы алғанда QazVac вакцинасы – бұл Қазақстан үшін үлкен прогресс. Жеке өзім осы вакцинаны алдым және өзімді өте жақсы сезінемін. Азаматтарымызға да вакцинация алуға кеңес беремін», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Айта кетейік, сәуір және мамыр айларында еліміздің барлық өңірлеріне QazVac вакцинасының жалпы 100 мың дозасы жетізілген болатын.
Бүгінде QazVac вакцинасының бірінші дозасымен шамамен 41 мың адам, екінші дозасымен 22 мың адам екпе алды.