Осы маусымда қазақстандық спортшы 655 ұпай жинаған. Бенджамин Дибэлл - 517 ұпай жинаса, көшбасшылар «үштігін» 484 ұпаймен ресейлік Артем Овечкин жапты.
Ұлттық рейтингте де Қазақстан командасы көш бастады. Біздің велошабандоздарымыз 1 611,25 ұпай жинаған. Екінші болып маусымды 1 581,73 ұпай жинаған Жапония велосипедшілері аяқтады. Үшінші орында - Гонконг спортшылары (945,02 ұпай).
Биыл Луценко Азия ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды. Ол сондай-ақ «Оман турында» үздік деп танылған.