Алексей Луценко «Гечо шеңбері» велобәйгесінде чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда өткен «Гечо шеңбері» бір күндік велобәйгесінде қазақстандық Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: astana-qazaqstan.com

Ол қазақстандық «Астана» велоклубының намысын қорғайды.

Жарыс барысында екінші орын франциялық Тони Галлопенге бұйырса, үшінші орынға «Астананың» тағы бір өкілі итальяндық Симоне Веласко ие болды.

Қазақстандық велоклуб намысын қорғап жүрген Евгений Федоров - 20, Нұрберген Нұрлықасым - 55. Фабио Феллине, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәре сызығына жете алған жоқ.


Еске салсақ, бұдан бұрын Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ол қазір Аstana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері қызметін атқарады. Глазгода өткен әлем чемпионатында 50 жастан жоғарылар арасында алтын медаль жеңіп алды.