Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 40 шақырымдық бәсеке өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды
Ел Спартакиадасында Алексей Луценко чемпион атанды. Ол 40 шақырымды 49:50,372 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші орында Павлодар облысының өкілі Дмитрий Груздев. Груздевтің көрсеткіші - 51:00, 039. Данил Фоминых 51:21,061 уақыт көрсеткішімен үздік үштікті қорытындылады. Артем Захаров төртінші, Жандос Бижігітов бесінші орында.