Алексей Луценко: Олимпиада ойындарына дайындығым «Сан Себастьян» жарысында жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы Олимпиада ойындарында велоспорттан ел намысын қорғайтын Алексей Луценко ақпарат құралдарына берген сұхбатында Рио Олимпиадасына дайын екендігін айтты. Берн мен Финаут-Эмоссно қалашықтарының арасында өтіп жатқан 184 шақырымға созылған жарыста Луценко командалық әріптесі Танел Кангерпен бірге алға ұзаған топтың қатарында болып, Фабио Арудың жалпы есепте сегізінші сатыға көтерілуіне көмектесті.

Алексей Луценко сұхбатында Астана шабандоздарының кезеңдік жарыста жеңеске жете алмаған себебін былай түсіндірді. «Мәреден ұзаған кезден алдыңғы топқа қосылып, пелотоннан ұзап кеткісі келгендер көп болды. Алғашқы бір жарым сағат шабандоздар арасында таласпен өтті.
Алғашқы таудың етегіне келгенде әріптесім Танел Кангерт екеуміздің жолымыз болды. Бірақ алға ұзаған топ көп ұзамай екіге бөлініп кетті. Сондықтан, біз «Direct Energie» мен «ВМС» командасының екі өкілімен қосылып жылдамдығымызды үдетуге шешім қабылдадық. Нәтижесінде, 30-40 шақырымдай алға шықтық. Пелотоннан ұзап кету үшін мен көп күш жұмсадым, ал кезең аяғына қарай Танел Кангертке көмектескенді дұрыс деп таптым. Сондықтан, артқа шегініп, команда капитаны Фабио Аруға көмектесуім керек болды. Фабио келе жатқан негізгі топта сары жейде иегері Крис Фруммен қоса жеке есепте жеңіске таласқан өзгеде шабадоздар болатын», -деді ол.
Сондай-ақ, ол команда капитаны Фабио Арудың Парижге дейінгі кезеңдерде уақыт айырмашылығын қысқартып, жеңімпаздар қатарынан көрінуге мүмкіндігі мол екендігін де айтты. Олимпиада ойындарына Бахтияр Қожатаевпен бірге Ұлттық құрама сапына іріктелген Алексей Луценко Тур де Франстан кейін «Сан Себастьян» жарысына қатысып, Риоға аттанады.