Қазақстандық Алексей Луценко Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Луценко шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шықты.
Қытайлық Сю Мин екінші, гонконгтық Винсент Лау үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Алексей Луценко төрт дүркін Азия ойындарының чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түскенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).