АСТАНА. KAZINFORM –Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Алексей Луценко Париждегі Олимпиада ойындары басталардан жеті күн бұрын жарақат алып қалды.
«Астана» велокомандасының мүшесі «Тур де Франс» велокөпдігінің 17-кезеңі қарсаңында командадан кетті. Оған басты себеп -жарақат алып қалуы.
«Өкінішке қарай, Алексей Луценко сол жақ тізеден алған жарақатына байланысты жарыстан кетуге мәжбүр болды. Ол соңғы күндерде болған апат салдарынан жарақат алған еді», - деп мәлім етті команданың баспасөз қызметі.
2024 жылғы Олимпиадада Алексей Луценко жекелей сында (27 шілде) және топтық сында (3 тамыз) ел намысын қорғайды.
Ал тағы бір қазақстандық Евгений Федоров жарысқа тек топтық кезеңде бақ сынау үшін барады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.