Алексей Ни ҚР ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: None
АСТАНА. КазАқпарат - Алексей Ни Қазақстан Республикасының ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Әйгілі маман Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басқаруымен ұлттық құрама 6 Олимпиада ойындарына қатысты.