АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның Отепия қаласында өтіп жатқан шаңғы спортынан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымдық классикалық әдіспен жүгіруде алтыншы орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сында жерлестерімізден Полтораниннен өзге Виталий Пихало - 44-ші, Олжас Климин - 50-ші, Денис Волотка - 53-ші, Евгений Величко - 56-шы орындарды иеленді. Жалпы сайысқа 82 шаңғышы қатысқан болатын.
Бұл жарыста бас жүлдені Норвегия спортшысы Мартин Йонсруд Сундбю жеңіп алды. Ол екінші орын алған Фин Ийво Нисканеннен 37,1 секундқа озып кетті. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық Ханс Холлунд тұйықтады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан әлем чемпионаты өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.