АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогында іріктеу кезеңінен аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем кубогының кезеңі Норвегияның Драммен қаласында өтіп жатыр. Ол классикалық әдіспен спринттік бәсекеде бар болғаны 47-ші орынды қанағат тұтты.
Бұл сайыста норвегиялық шаңғышылар Йоханнес Хёсфлот Клабо, Эйрик Браннсдал және Сондре Турволь Фоссли үздік үштіктен көрінді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.