Владимир Смирновтан кейін шаңғы спортынан ел беделін асқақтатқан жерлесіміз биылғы маусымда 537 ұпай жинап, өз карьерасында екінші мәрте Әлем кубогының ТОП-10-дығына кірді.
Айта кетейік, 2013 жылы ол 995 балл жинап, әлем мықтылары бақ сынаған «Хрустальді глобус» додасында 4-ші орынды қанағат тұтқан.