Алексей Полторанин «Канада туры» жарысының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Гатино қаласында шаңғышылардың «Канада туры» жарысы өтіп жатыр.

Ең үздік нәтиже норвегиялық Петтер Нортугтың еншісінде, екінші орын америкалық Саймон Хэмилтонға бұйырса, үштікті ресейлік Сергей Устюгов түйіндеді.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин іріктеу кезеңін 24-інші болып аяқтап, жарысты одан әрі жалғастыратын болды, деп хабарлайды sports.kz.