«Біз әу-бастан төрт кезеңде ғана бақ сынаймыз деп шешкенбіз. «Тур де Ски» додасын біз дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастындық. Біздің маусым әлі аяқталған жоқ. Алда өте маңызды жарыстар күтіп тұр. Сондықтан, маусымды қорытындылап, қандай да бір баға беруге әлі ерте», - дейді Полторанин.
Айта кетелік, Алексей Полтораниннің «Тур де Ски» көпкүндігіндегі ең жоғары көрсеткіші - 17-ші орын. Ол 15 шақырымға масс-старт әдісімен жарысудан осындай нәтиже көрсетті.