Алайда бақылаушылардың басым көпшілігі «Алекс Воробейдің» (ресейлік орындаушы өзіне Alex Sparrow деген лақап атты таңдап алған) жетістікке жетеріне сене қоймапты. Ол финалға дәстүрлі SMS-дауыс беруі арқылы өтті. Сонымен қатар, биылғы жылы қазылар алқасының пікірі де ескерілді. Ресеймен бірге ақтық сынға Сербия, Литва, Грекия, Әзірбайжан, Грузия, Швейцария, Финляндия, Венгрия және Исландия орындаушылары жолдама алды.
15:10, 11 Мамыр 2011
Алексей Воробьев «Еуровидениенің» финалына шықты
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - «Еуровидение» байқауына қатысушы ресейлік Алексей Воробьев Get You әнімен 14 мамырда болатын финалға өтті, деп жазады Утро.ru.