2012 жылы БҰҰ өз қарарымен 20 наурызды ерекше күн ретінде белгіледі. Халықаралық ұйым мүшелері бақытқа ұмтылудың жалпы адамзатқа ортақ сезім идеясына қолдау білдіру мақсатында бұл күнді бақытқа арнады.
Атап өткен жөн, бұл мерекені бекіту идеясы шағын оңтүстіказиялық мемлекет Бутаннан келіп түскен.Өйткені осы елдің халқы әлемдегі ең бақытты адамдар болып есептеледі.