Ардагер ұстаздың сөзінше, бұл бастама қазақ тілінің өзін де алға жетелейді. Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың оқулықтарына көп мән беріледі.
«Жасыратыны жоқ, кешегі кеңес заманында гуманитарлық ғылымдар саясатқа қызмет етіп, идеологияның ғана құралы болды. Зиялы ортаның көзқарастары мен құндылықтарына ықпалы зор осы білім салалары бізде әлі де ескі сарыннан арыла алмай отыр. Жоғары оқу орындарында студенттердің 70 пайызы қазақ тілінде білім алады деп қуанғанымызбен, олардың не оқып жүргеніне енді ғана мән бере бастадық. Ардагер ұстаз ретінде қазақ тіліндегі әлемнің үздік оқулықтары гуманитарлық біліммен қатар, қазақ тілінің өзін де алға апаратын ғажап бастама деп ойлаймын. Педагогтар мен студенттер де солай қабылдайды деген сенімдемін»,- дейді профессор Әмір Мұсақұлов.