Сонымен қатар кеше әлемнің бірқатар елдерінде iPad 3 немесе iPad HD аталатын жаңа планшеттердің де сатылымы басталды. Ең бірінші болып аталған планшеттерді Австралия мен Жапонияның тұрғындары сатып алды. Сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция сынды бірқатар елдерде жаңа iPad сатып алғысы келіп, кезекке тұрғындардың қатары қалың болды.
Соңғы жылдары Apple компаниясы шығаратын жаңа құрылғының сатылымға шығарылуы дүрлікпе сұранысқа ие болуы дәстүрге айналып бара жатыр. Мәселен, Нью-Йорктегі Apple дүкеніндегі планшет сатып алу кезегінен үшінші орын 1,5 мың долларға саудаланғандығы да белгілі. Басқалары да сатылым басталар күні немесе одан да бұрын ұзын-сонар кезек болатындықтан дүкеннің ашылуын күту уақытын қалай жайлы өткізуге болатындығы турасында жан-жақты нұсқаулық жария етеді.
Жаңа iPad-ты компанияның бас директоры Тим Кук 7 наурыз күні Сан-Франциско қаласында бұқара назарына ұсынды. Оны бұған дейінгі модельдерден процессоры ( жақсартылған графикалық өнімділігі бар А5Х-пен), сондай-ақ 2048-ге 1536 пиксельге дейін рұқсат етілетін жаңа Retina экранымен ерекшеленеді. Планшеттің артқы панелінде жаңа 5 мегапиксельді камера бар. Ол HD 1080p рұқсат етілуімен бейне түсіруге де қабілетті. Сонымен қатар жаңа буынның iPad-ы LTE желісінде де жұмыс істей алады және 3G желісін де қолдануға мүмкіндік зор. Бұған дейінгі модельдерге қарағанда құрылымның көлемі біршама үлкен әрі салмағы да ауырлау.
Жаңа iPad-тың бағасы 16GB жады мен Wi-Fi-ы және 64GB жады мен 3G, 4G қолданылатын моделі 499 доллардан бастап, 829 долларға дейін жетеді. Бұл ретте 16GB көлемді жады бар iPad2 моделінің құны 100 долларға төмендетілген. Дегенмен ТМД кеңістігінде дәл осындай бағаға иек артудың еш негізі жоқ. Мәселен, Ресейде ресми сатылымға (датасы әзірше белгісіз) дейін интернет дүкендер жиынтығына байланысты планшеттерді 1500-ден 2200 долларға дейін сомаға тапсырыс беруге ұсыныс жасауда.
Ең бірінші буын iPad-ның тұсаукесері 2010 жылы өткен болатын. Осы уақыт аралығында 55 миллионнан астам планшет сатылды. Қазіргі таңда планшеттік компьютерлердің әлемдік сатылымының шамамен 60 пайызы Apple компаниясының үлесіне тиесілі. Apple сенсорлық экран арқылы жұмыс істеуге ыңғайлы бірегей құрылғыны ең бірінші болып жасауға мүмкіншілік алды.
iPad-тың басты бәсекелесі ретінде ASUS компаниясының Galaxy Note от Samsung, Transformer Prime және Sony компаниясының Kindle Fire от Amazon, Nook от Barnes & Noble, Sony Tablet P планшеттері аталуда. Планшеттік құрылғы саласындағы өздерінің шешімдерін әлемдік ақпараттық технологиялар саласындағы алпауыттар саналатын Google, Windows, Nokia сынды компаниялар да әзірлеу үстінде.
Қазіргі уақытта сарапшылардың басым бөлігі 2012 жылдың планшеттік компьютерлер белгісімен өтетіндігін айтуда. International Data Corporation (IDC) зерттеу компаниясының болжамына сәйкес, ағымдағы жылы 106,1 млн., ал 2016 жылы 198 миллионнан астам планшет (2011 жылдың қорытындысы бойынша 68,7 млн. дана планшет сатылды) сатылмақ.
Ағымдағы жылы планшет нарығы жаңа сапаға көтерілуі де бек мүмкін. Өндірушілер өз құрылғыларында ең заманауи технологияны қолданып, алдыңғы қатарлы бағдарламамен жабдықтауға ұмытылып, бұр ретте девайстердің бағасының барынша төмен болуына назар аударатындығы сөзсіз. Іс жүзінде компьютерлер немесе смартфондар шығарумен айналысатын барлық компаниялар планшеттің де бір кездердегі ноутбуктер сияқты өз нарығын жаулап алатындығын мойындап отыр.