ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: 2013 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

None
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық тыныс-тіршіліктегі осы апта адамзат баласының даму мүддесіне баға жетпес үлес қосқан әлемдік ауқымдағы ғалымдарды, әдебиетшілер мен қайраткерлерді ұлықтаумен есте қалмақ.

Дүйсенбі күні Стокгольмдағы Швед корольдік ғылым академиясында жаһандық ауқымдағы ең мәртебелі ғылыми сыйлық Нобель сыйлығының 112-ші апталығы басталды.

Дәл осы күні медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығы адам жасушаларында жүйе тасу саласында көпіршіктердің қозғалысын реттеу тетігін ашқаны үшін Джеймс Ротманға (Йельск университеті, АҚШ), Ренди Шекманға (Беркли, АҚШ) және Томас Зудофқа (Стенфорд университеті) берілді. Ғалымдар адам ағзасының әр жасушасы молекулаларды жасап шығаратын және "сыртқа шығаратын" ерекше зауыт болып табылатынын анықтады. Бұл молекулалар ағза бойынша арнайы "қаптамада" - ауа көпіршіктерінде жылжиды. Сонымен қатар олардың қозғалысы нақты уақытта және нақты жерде өтеді. Д.Ротман көпіршіктердің қалыптасуына және мақсатын жүзеге асыруына жағдай жасайтын ақуызды ашты. Т.Зудоф жасушаға "жүкті" нақты уақытта жеткізу үшін қандай белгі берілетінін сипаттады. Р. Шекман осындай ағын үшін қажетті гендер жиынтығын ашты. Ғалымдар үштігі жасушалық "жүкті" тасымалдау және жеткізу жүйесін "ең нақты" бақылауды сипаттады. Бұл келешекте диабет және иммунологиялық бұзылу сияқты ауруларды жеңуге мүмкіндік береді.

Сейсенбі күні физика саласындағы Нобель сыйлығы 84 жастағы британдық Питер Хигссу мен 80 жастағы бельгиялық Франсуа Энглерге табысталды. Келесі күні Мартин Карплюс, Майкл Левитт және Ари Воршел химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. 1970 жылдары ғалымдар үштігі химиялық үрдістерді түсінуге және болжауға мүкіндік беретін қуатты бағдарламаларды құрудың негізін салды. Реакциялар жай оғындай шапшаң жүреді, ал 2013 жылғы лауреаттар әдістерінің көмегімен үрдісті бақылау және жаңадан жасау жеңілірек болды. Бұл жаңалықтар зерттеу үрдісінде Ньютонның классикалық фундаменталды физикасын кванттық физикамен біріктіруге мүмкіндік берді.

Бейсенбі күні 2013 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына 82 жастағы канадалық новеллашы Элис Мунро ие болды. Нобель комитеті оны қазіргі замандағы әңгіменің шебері деп атады және оның психологиялық реализммен сипатталатын баяндау мәнерін атап өтті. Э.Мунро әдебиет бойынша Нобель сыйлығын иеленген 13-ші әйел және бұл награданың 110-шы иегері болды. Ол бұған дейін Букеров сыйлығымен және үш рет Канада губернаторының сыйлығымен марапатталған болатын. Психологиялық күрделі кейіпкерлерді сомдағаны үшін солтүстікамерикандық әріптестері Э.Мунроға «Біздің Чехов» деген атақ берді. Биыл осы атаққа жапондық Харуки Мураками, американдық Джойс Кэрол Оутс, венгр прозашысы және драматургі Петер Надаш, әлемнің танымал драматургі Юн Фоссе, корей ақыны Ко Ун, хиппи қозғалысының символы Боб Дилан және басқалары бәсекеге түскен болатын.

Ал жұма күні бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (ХҚТҰ) берілді. Бұл аталымдағы лауреат дәстүр бойынша Ослода жария етілді. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі үкіметаралық ұйым 1997 жылы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны жүзеге асыру мақсатында құрылды. ХҚТҰ бақылауымен әлемдегі белгілі химиялық қарулардың 80 пайызға жуығы жойылды. Оған конвенцияны ратификациялаған мемлекеттер автоматты түрде мүше болады. Қазіргі кезде ХҚТҰ ұйымына 189 мемлекет қатысушы болып отыр, 2013 жылы 14 қазанда Сирия ресми түрде ұйымның 190-шы қатысушысы болады. Ресей-американ жоспарына сәйкес, Сирияда химиялық қару өндірісі жабдықтары қараша айына дейін, ал барлық химиялық арсеналдар келесі жылдың бірінші жартысында жойылуы тиіс. Биылғы жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына үміткерлер саны рекордтық межеге жетті. Бұл марапатқа 50 қоғамдық ұйымды қоса алғанда, 259 үміткер тіркелді. 211 жылы мұндай үміткерлер саны 241 болған еді. Дәстүр бойынша үміткерлердің аты-жөні құпия ұсталады (тізім алдағы 50 жыл бойы құпия сақталуы тиіс). Дегенмен, оған ұсынылғандар арасында АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон, 14 жасар пәкістандық белсенді қыз Малала Юсуфзай, Ресей президенті Владимир Путин, ОББ-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден болған. Олардың бірде-бірі сыйлыққа қол жеткізе алмады, өйткені өтінім беру мерзімі 1 ақпанда өтіп кетті.

Еске сала кетейік, 2012 жылы құрметті диплом, Альфред Нобель бейнеленген алтын медаль және ақшалай жүлде «Еуропаны соғыс құрлығынан бейбітшілік құрлығына айналдырудағы басты рөлі үшін» Еуроодаққа берілген болатын.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы - әлемде бейбітшілік сақтауға елеулі үлес қосқаны үшін берілетін ең беделді халықаралық марапат. Бұл Швецияда емес, Норвегияда тағайындалатын бірден-бір Нобель сыйлығы.

Нобель сыйлығы әйгілі ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениетке немесе қоғамды дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін 1901 жылдан бастап берілуде. Алтын медаль және ақшалай сыйлық алты бағыт бойынша табысталады. Олар: физика, химия, физиология және медицина, әдебиет, экономика және бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға ықпал ету.

2011 жылға дейін ақшалай сыйақы 10 млн крон болса, 2013 жылдан бері 8 млн швед кронын (1,2 млн АҚШ доллары) құрайды. 2012 жылы жазда Нобель қорының директорлар кеңесі "қор капиталын ұзақ мерзімді келешекке сақтау" қажеттілігіне байланысты ақшалай сыйақыны 20%-ға қысқартуға шешім қабылдады. Осло қаласында тапсырылатын Бейбітшілік сыйақысын қоспағанда сыйақыларды тапсыру рәсімі Стокгольмде өтеді.