Егер де халықаралық қарым-қатынастардағы негізгі трендтер ендігі мәлім болып отырса, еуразиялық құрлықтың басым бөлігінде төтеден орын алған ауа райының ауытқуы бірқатар елдер үшін үлкен проблемаға айналды.
Орталық Еуропадан бастап Жерорта теңізінің жағалауынан Сібірге дейінгі аумақты қамтыған осы аптадағы қатты суықтың салдарынан тек қана адамдар зардап шеккен жоқ. Көптеген қалаларда орын алған қатты суық қалыпты өмір ырғағын бұзып, бірқатар кәсіпорындарда жұмыс тоқтады, төтенше жағдай жарияланып, ондаған әуе рейстері кейінге шегерілді.
Осы күндер ішінде Еуропада 110-нан астам адам аяз құрбаны болды. Украинада 63, Польшада 29 адам қаза тапқан. Температураның төмендеуі, қардың еселеп жаууы және желдің қатты соғуымен қатар елді мекендердің басым бөлігі инфрақұрылымының ауа райының бұндай қатаң сынына дайын еместігі басты проблема болды.
Ресейдің әсіресе орталық бөлігінде түн уақытында аяз буып тұр, температура көрсеткіштері рекордтың мәнге жетуде. Толықтай алғанда соңғы күндері Ресейдің еуропалық бөлігіндегі орташа тәуліктік ауа температурасы нормадан 7-12 градусқа төмен. Ресей Федерациясында қаңтар айында аяз салдарынан 64 адам қаза тапты.
Ресейдің Гидрометрологиялық орталығының болжамынша, аяздың сәл сынуы күтілуде, дегенмен қазірдің аяздың басты себепкері Сібір антициклоны ақпан аяғына дейін өз ықпалын сақтауы және Еуразияға арктикалық аумақтардың жаңа толқынын ығыстыруы ықтимал.
Айтпақшы, бейсенбі күні американың басты синоптигі суыр Фил өз көлеңкесін көрді, демек көктем жай шығады деген сөз. Сонымен қатар оны біздің құрлықтағы кузбастық суыр Буся да қуаттай түсті. Толықтай алғанда, оны алдағы уақыт көрсетеді.
Бұл ахуалға кереғар Таяу Шығыстағы және араб әлеміндегі жағдай одан әрі ушығып барады. Негізгі пробелмалар Сириядағы ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен, сонымен қатар Иранның «ядролық құжаттамасының» айқынсыздығымен байланысты. Оған қоса таяуда ғана демократиялық саяси күштер жеңіске жеткендей болып көрінген бірқатар елдердегі жағдай біржақты болмай отыр. Мәселен, Ливияда Каддафидің жақтастары мен жаңа билік арасындағы зорлық-зомбылық жалғасуда, ал Египетте күні кеше ғана жергілікті футбол ойыны 74 адамның қаза болуымен аяқталып, жаңа жаппай тәртіпсіздіктердің қылаң беру қаупі бар. Дегенмен Триполи мен Каирдегі жағдай айтарлықтай түсінікті, жаңа билікке қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру, ұзақ күттірген халықтық билікке шынайы жағдай жасау және батыстық демократиямен достығының нәтижесінде қалып отырған қирандылардан экономика мен социумды көтерумен айналысу қажет.
Халықаралық байқаушылар тарапынан туындап отырған басты мәселе әлі де болса Иран мен Сирияның өзара стратегиялық әріптестігін ескере отырып, әр елдің жеке-жеке болашағына қатысты туындауда.
Осы аптада АҚШ және оның НАТО-дағы одақтастары Парсы шығанағы ауданына әскерін түсіруді бастады деген ақпарат тарады. Әскерлер АҚШ-тың әскери әуе күштерінің базасы орналасқан Оманның Масира аралына келеді, ал Франция шығанаққа «Шарль де Голль» атомдық авиакемесін жіберуге дайын. Наурыз-сәуірде аталған ауданда АҚШ пен Францияның Әуе-теңіз күштері тобы кемінде 4 кеме шабуылын жасауға шоғырланбақ. Аталған ақпаратты израиль бұқаралық ақпарат құралдары жай-жапсарынан хабардар әскери дереккөздеріне сүйене отырып жариялады.
Тағы бір ақпарат толқыны іс жүзінде қатарлас Израиль мен АҚШ тарапынан түсті және тікелей Парсы шығанағындағы соғыстың мүмкін екендігіне байланысты болды. 1 ақпанда израиль бұқаралық ақпарат құралдары НАТО-ның әскері ағымдағы жылдың маусымында американдық арнайы мақсаттағы әскерінің базасы Парсы шығанағына келген кезде иранның ядролық нысандарына шабуыл жасау ықтимал деген ақпарат таратты. Сәл кейінірек, 3 ақпанда «Вашингтон пост» газеті АҚШ-тың Қорғаныс министрі Леон Панетта Теһран ядролық қару өндірісін іске қосқанға дейін Израиль сәуірде, не мамырда немесе маусымда Иранға соққы жасайды деп санайтындығын жариялады.
Сирияға қатысты жағдай республиканың қазіргі басшылығының пайдасына реттелетін болады деп айту күмәнді. Қатаң экономикалық санкцияның құрсауында тұрған Дамаск араб монархиясы тарапынан ешқандай қолдау тапқан жоқ, тіпті Араб мемлекеттері лигасының байқаушылары миссиясының жұмысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне президент Башар Асадтың отставкаға жіберу талабымен қарар қабылдау туралы ұсыныспен аяқталды. Әзірге ресми Дамаск Мәскеу мен Бейжіңнің ұстанымына арқа сүйеп отыр, өйткені олар Таяу Шығыстағы ықпал ету салаларын қайта бөлуге мүдделі емес, бірақ та бұл қорғаныс ұзаққа жете ме әрі Батыс бұл текетіреске қалай жауап қатары белгісіз.
Ең дұрысы, таяу уақытта иран ісі мен Сирияға қатысты негізгі ақпараттар ақпараттық соғыс және басқа да арандатушылық белгілермен байланысты болмақ. Айқын болып отырған жалғыз жайт, оқ-дәрі толы бөшке орнында тұр, ал ұшқынның болу, болмауын жағдай көрсетеді.