«Әлем аруы-2024» байқауында даниялық бойжеткен жеңімпаз болды

АСТАНА. KAZINFORM – Сұлулық байқауында 120-дан астам елдің өкілі бақ сынады.

Фото: citytraffic

Мексикада жыл сайын өтетін «Әлем аруы-2024» байқауының кезекті 73-ші кезеңінің қорытындысы жарияланды. Онда Дания елінің өкілі Виктория Кьер Тейлвиг жеңіске жетті. 

Фото: Missuniverse/ instagram
Фото: Missuniverse/ instagram

Айта кетейік, Мексикада өткен халықаралық сұлулық байқауына еліміздің атынан 24 жастағы Мәдина Әлмұханова қатысты. Ол ұлттық киімдердің сән көрсетілімінде өнер көрсетті.

Еске салсақ, былтыр «Әлем аруы» байқауында Никарагуа өкілі жеңіске жеткен болатын.