«Әлем аруы-2010» байқауының жеңімпазы анықталды

None
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - «Мексика аруы» атанған Химена Наварете әлемнің әртүрлі елінен 83 үміткер қатысқан «Әлем аруы-2010» байқауының жеңімпазы атанды. Қазылар алқасы ақтық сынға жеткен Мексика мен Ямайка елдерінің арулары арасынан Химена Наваретені «Әлем аруы» деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Әлем аруы» байқауы тамыздың 23-і күні кешке Лас-Вегас қаласында өз мәресіне жеткен.