Мақсат пен Айдайдың тойына «Қазақстан аруы» байқауына қатысушылар мен жеңімпазы қатысқан. «Ресей аруы» Юлия Алипова тойда «қыз жолдас» қызметін атқарыпты.
Еске сала кетейік, Айдай Исаева - «Шымкент аруы-2008», «Алматының екінші аруы- 2013», «Қазақстан аруы - 2013», «Әлем аруы-2014» байқауының қатысушысы. Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта жеке клиникада отбасылық дәрігер болып жұмыс жасайды.