«Әлем аруы-2014» байқауының жеңімпазы анықталды - ВИДЕО

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем аруы-2014» атағына Оңтүстік Африка Республикасынан келген Ролен Штраус лайық деп танылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Екінші орынды венгриялық Эдина Кулшар алса, үшінші орын АҚШ-тан келген Элизабет Сафритке бұйырды.

Айта кетейік, 2013 жылғы «Әлем аруы» атағын Филлиппиннен келген Меган Янг жеңіп алған болатын.