«Әлем аруы» байқауының жеңімпазы Гибралтар мэрі болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 2009 жылы «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы атанған 30 жастағы Кайане Лопес Ұлыбританияның теңіздің ар жағындағы территориясынан орын тепкен Пиреней түбегінің оңтүстігіндегі Гибралтардың мэрі болды. 

5 сәуірде қызметіне кіріскен ол тілшілерге берген сұхбатында өзін британдық екенін мақтан ететінін және Гибралтардың Британияға тиесілі болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Хабар 24. Осылайша Лопес Гибралтар тарихындағы ең жас мэр және тарихта осы қызметке тағайындалған үшінші әйел атанды.

 Айта кетейік, ол 2009 жылы Йоханнесбургте өткен «Әлем аруы» байқауында Алдорино қыз кезіндегі тегімен Гибралтардың намысын қорғаған еді.