«Alem Barysy»: Алтын белбеуді кубалық палуан Брайсон Видаль иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында өтіп жатқан 'Alem Barysy' І халықаралық турнирінің финалында қазақстандық Айбек Нұғымаров пен дзюдодан Олимпада ойындарының қола жүлдегері кубалық Брайсон Видаль белдескен еді.

Қазақ палуаны Айбек Нұғымаров бар күш-жігерін салды, алайда жеңіс кубалық палуанға бұйырды. Сөйтіп, Брайсон Видаль "Alem Barysy" алтын белбеуін иеленді, деп хабарланған «Қазақстан барысы» сайтында. Күміс жүлде 2013 жылғы Қазақстан барысы Айбек Нұғымаровқа бұйырды, ал қола жүлдені ресейлік балуан Максим Ширяев қанжығасына байлады.