АСТАНА. ҚазАқпарат - Велоспорттың трек түрінен Гонконгте өткен әлем біріншілігінде Қазақстан жалпы есепте 13-ші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған додаға жалпы саны 41 елден 344 велошабандоз қатысты.
Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Роберт Гайнеев, Артем Захаров, Сұлтанмұрат Мірәлиев және Никита Панасенко қатысқан болатын.
Велотректің «скрэтч» түріне қатысқан Роберт Гайнеев 16-шы болып мәреге жетсе, «омниумда» Сұлтанмұрат Мірәлиев бақ сынап, 8-ші орынға тұрақтады.
Осылайша, жалпы қорытынды есепте - 13-ші орын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.