Әлем бойынша Twitter шағын блогтары бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатты
09:54, 27 Шілде 2012
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат -Twitter өз жұмысындағы ақауларды жойды. Кеше Twitter шағын блогтары дүниежүзі бойынша бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатты.
Утро.ру хабарлағандай, «Твиттер» жұмысындағы ақау 26 шілденің кешкі мезгілінде пайда болған.
Атап айтқанда, ресейлік қолданушылар ғаламтор-ресурсына кіруде кедергілерге кездескен. Алайда ұялы нұсқа кейбір пайдаланушыларда жақсы жұмыс істеген. Кейін анықталғандай, қызметке қосылуда қиыншылықтарға тек ресейліктер ғана емес, дүниежүзінің көптеген қолданушылары да тап болыпты. «Твиттер» жұмысындағы ақаудың себептері әлі белгісіз, деп жазады «Еуразия» бірінші арнасы.