Әлем чемпионаты-2026: Футболдан Қазақстан құрамасының дайындығына кімдер шақырылды

Фото: Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар белгілі болды.

Бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев оған шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді.

Бапкерлік штаб аталған жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»), Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»);

Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»), Ади Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – «Елімай»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Асқар Сатышев («Тұран»), Амандық Набиханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Абылайхан Назымханов («Елімай»), Серікжан Мужиков, Ален Айманов («Жетісу»), Жаслан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – «Тобыл»), Равиль Атыханов («Атырау»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);
Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла («Ақтөбе»);

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар іріктеу турнирінде J тобында Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен кездеседі.

Ұлттық құрама алғашқы ойынын 23 наурызда сырт алаңда Уэльске қарсы өткізеді. Одан кейін сырт алаңда 26 қарашада Лихтенштейнмен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Қайсар» биыл шетелдік ойыншылардан бас тартты.