Әлем чемпионаты: Аида Әбікеева 1/8 финалдан сүрінбей өтті

Фото: Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 11 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Аида Әбікеева (63 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Шуою Чжаомен кездесті. Нәтижесінде ол қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға шықты.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Жасмин Қизатова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі) 1/4 финалға жолдама алды. 

Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.