Іріктеу кезеңінде Александра 590 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады және үздік сегіз финалистің қатарына енді.
Қазақстанның тағы бір өкілі София Шульженко іріктеуді 582 ұпаймен 43-орында аяқтады.
Финалда Александра Ле әлем чемпионатының медалімен қатар, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салады.
Айта кетейік, Александра Ле -2024 жылы Париж Олимпиадасында Ислам Сәтпаевпен жұптық сайыста (10 м, пневматикалық мылтық) қола жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар оның қоржынында Азия ойындарының қола жүлдесі мен Азия чемпионы атағы бар.
Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.
Осыған дейін Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді.