Әлем чемпионаты: Анита Адишева жарыс жолын аяқтады

Фото: Фото: sportplustv.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 10 наурызда Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Анита Адишева (52 келі) жарыс жолын аяқтады. Қазақстандық боксшы 1/16 финалда/мексикалық Патино Хуарезбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысынла ол қарсыласына есе жіберді.

Сондай-ақ бүгін 1/16 финалда Жайна Шекербекованың (54 келі) қарсыласы — колумбиялық Бекера Монтесинос жекпе жектен бас тартқаны белгілі болды. Нәтижесінде ол 1/8 финалға өтті.

Айта кетсек, 9 наурызда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (50 келі) 1/16, Елдана Талипова (81 келіден жоғары) 1/8 финалда Елдана Талипова қарсыластарын тізе бүктіріп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан дүбірлі додада Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) сынға түседі.
Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Ал финал 16 наурызда болады.