ҚПЛ ойыншысы Иван Башич өз құрамасының алғашқы голына үлес қосты. Ол орындаған бұрыштамадан кейін Йово Лукич есеп ашты.
Башич 62-минутта алаңнан шықты.
Топтық кезеңдегі матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 21-минутта Йово Лукич Босния мен Герцеговинаны алға шығарса, 78-минутта Кайл Ларин таразы басын теңестірді. Бұл 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы тең нәтиже.
Канада құрамасы үшін бұл тарихи көрсеткіш болды. Команда әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет матчта жеңілмеді. Канадалықтар бұған дейін 1986 және 2022 жылғы мундиальдарға қатысқан.
Босния мен Герцеговина құрамасы өз тарихындағы екінші әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр. 2014 жылғы турнирде олар Иранды жеңіп, Аргентина мен Нигерияға жол берген еді.
Осы топтағы Қатар мен Швейцария құрамаларының кездесуі 14 маусым күні сағат 00:00–де өтеді. Ал сағат 06:00–де АҚШ пен Парагвай құрамалары кездеседі. Бұл матчта турнир қожайындарының бірі АҚШ құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында төреші алғаш рет үш қызыл қағаз көрсетті.