Әлемдік футболда алдыңғы көште келе жатқан Бельгия әрбір доп додасы алдында бас жүлдеден үміткерлер қатарында саналады. Соған қарамастан әзірге олар жанкүйер үмітін ақтай алмай келеді. Көпшілік көкейінде сол олқылықтың орнын биыл толтыра ала ма деген сауал тұрған еді.
Жеребе нәтижесінде бельгиялық футболшылар оңай топқа түсті деген жорамал жасалған еді. Лесе де Мохамед Салах бастаған мысырлық құрама кез-келген қарсыласымен терезесі тең деңгейде ойын көрсете алатыны анық болатын.
Ойын барысында бельгиялық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Есесіне мысырлық Эмам Ашур 19-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Бірінші кезеңде Кевин Де Брёйне бастаған жігіттер таразы басын теңестіре алған жоқ.
Екінші кезеңде мысырлық Мохамед Хани 66-минутта өз қақпасына гол соғып алды. Бұл кездесуде қос қарсылас 1:1 есебімен тең түсті.
Айта кетсек, бұған дейін Н тобында Испания -Кабо-Верде кездесуінде 0:0 есебі тіркелді.
Енді 03:00-де аталған топтағы Сауд Арабиясы — Уругвай кездесуі басталса, G тобында 06:00–де Иран — Жаңа Зеландия ойнайды.