Алғашқы ойында Швейцария мен Чехия кездесті. Кездесуді швейцариялық хоккейшілер белсенді бастаған еді. Қатарынан екі шайба соғып, басымдықты арттыра түсті. Олардың қатарынан Кристиан Марти 1, Дамьен Риа 17-минутта мергендігімен көзге түсті.
Ал одан кейін чехиялық құрамадан Матей Странски 19, Филип Задина 26, Филип Пирохта 35-минутта қатарынан үш шайба соғып кетті.
Ендігі кезекте швейцариялық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетіп, қарсыластар қақпасына екі шайба енгізді. Оны Сандро Шмид 41, Свен Андригетто 49-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ойынның 56-минутында чехиялық Лукаш Седлак таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда чехиялық Роман Червенка жеңіс шайбасын соғып кетті.
Тағы бір кездесуде Аустрия мен Финляндия кездесті. Кездесу барысында финляндиялық Патрик Пуйстола 4, Юусо Пярссинен 7-минутта гол соқса, оған Бернд Вольф 13-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Финляндия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді 23:15-те Швеция мен Словакия, Дания мен АҚШ шеберлік байқасады.