Бұл күнгі ойынның бірінде А тобында Аустрия құрамасы Францияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Ойын барысында аустриялық хоккейшілер Марко Каспер 1, 57, Винценц Рорер 7, Рамон Шнетцер 15, Петер Шнайдер Доминик Цвергер 59-минутта үш гол соқты.
Ал франциялық Жорданн Перре 50, Пьер-Эдуар Белльмар 58-минутта екі голмен жауап қайырды.
Тағы бір ойында В тобында Дания құрамасы Мажарстанды 8:2 есебімен тас-талқан етіп жеңді.
Кездесу барысында мажарстандық хоккейшілер алғашқы минутта белсенділік көрсетті.
Нәтижесінде олардың қатарынан Петер Винце 1-минутта есеп ашса, Андраш Михалик 6-минутта басымдықты арттыра түсті.
Одан кейін даниялық хоккейшілер қатарынан сегіз шайба соғып кетті. Аталған құрамадан Миккель Огор 13, 43, 49, Маркус Лауридсен 27, 52, Йеспер Йенсен 34, Патрик Русселль 34, Матиас Бау 48-минутта мергендік танытты.
Енді бүгін, 16 мамырда А тобында Швеция мен Словения, В тобында Швейцария мен Норвегия ойнайды.