Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Камил Куруглиев жартылай финалға шықты

Фото: Фото: egemen.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Камил Куруглиев (92 келі) жартылай финалға жолдама алды.

Қазақстандық балуан ширек финалда түркиялық Фатих Алтунбашпен бозкілемге шыққан еді. Қарсыласы әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған спортшы болатын. 

Белдесу барысында Камил Куруглиев Фатихтан 5:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға қиындықсыз өтті. 

Ол 1/8 финалда грузиялық Константин Петриашвилиді 7:6 есебімен тізе бүктірді. Енді Камил Куруглиев кешкі сағат 19:45-те жартылай финалдағы белдесуіне шығады. 

Айта кетсек, бүгін еркін күрестен Ризабек Айтмухан (97 келі) финалда белдеседі. 

Еске сала кетейік, Паралимпиадада дзюдодан Жұрқамырза Шүкірбеков жартылай финалға жолдама алды.