Әлем чемпионаты: Финляндия хоккей құрамасы Францияны овертаймда жеңді

Фото: Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында 11 мамырдағы соңғы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

В тобында алғашқы турда Қазақстан құрамасынан жеңіліп қалған (1:2) Норвегия бұл жолы Чехиямен шеберлік байқасты. Чехиялық хоккейшілер ойын тізгінін қолға ұстауға тырысты. Десе де оған қарсыласы мүмкіндік бере қойған жоқ. Нәтижесінде бірінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде чехиялық Якуб Флек 22-минутта есеп ашса, оған 28-минутта норвегиялық Стиан Сольберг бір голмен жауап қайырды.

Ойынның 33-минутында Давид Пастрняктың голы Чехияға жеңіс алып келді.

Осылайша Чехия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде А тобында Финляндия құрамасы Францияны овертаймда 4:3 есебімен жеңді.

Кездесу барысында негізгі кезеңде Финляндия сапынан Теуво Терявяйнен 37, Ээли Толванен 58, 59, Юусо Пярссинен 61, Франциядан Кевин Бозон 28, Тим Бозон 50, Жорданн Перре 57-минутта мергендік танытты.

Енді 12 мамырда А тобында Австрия мен Словакия, Финляндия мен Швеция, В тобында АҚШ пен Швейцария, Чехия мен Дания шеберлік байқасады.

Еске салсақ, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі ойыннан кейін үш ұпаймен бесінші орында келеді.