Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасының нақты тізімі анықталды

Фото: Фото: ҚХФ

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында әлем чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды.

Қазақстандық хоккейшілер Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионының А тобында сынға түседі. Қарсыластары — Дания, Венгрия, Словения, Австрия және Украина.

Алдымен 20 сәуірде Словениямен кездессе, одан кейін 21 сәуірде Венгрия, 23 сәуірде Дания, 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.

Бапкерлер құрамы әлем чемпионатына қатысатын нақты құрамды жариялады. Оның құрамына 23 хоккейші енгізілген. Олардың арасында 3 қақпашы мен 20 ойыншы бар. 
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Элиталық хоккей академиямы», АҚШ), Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»)

Қорғаушылар: Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Дамир Бритиков («Петров академиясы», Ресей), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Даниил Медведев, Руслан Тусупбеков («Барыс»), Святослав Евплов («СКА армиясы»), Арман Төлен (Атлант жағалау академиясы, АҚШ)

Шабуылшылар: Әлихан Бақыт, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Саркенов, Александр Симахин, Леонид Шакенов («Барыс»), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Мақыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»).

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хрккейшілер екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Венгриядан 6:1 есебімен басым түссе, одан кейін Австрияға 4:6 есебімен есе жіберді.