Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Мажарстанға қарсы өткізді.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Бірінші кезеңде араға үш минут салып Александр Симахин мен Даниил Медведев екі мәрте мергендік танытты.
Екінші кезеңде Егор Кравченко мен Тимур Миндубаев басымдықты арттыра түсті. Үшінші кезеде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Кездесудің үздік ойыншысы ретінде Александр Симахин танылды.
Қазақстан - Мажарстан 4:0 (2;0, 2:0, 0:0)
1:0 - 12:14 - Симахин (Евплов, Умеренков)
2:0 - 15:18 - Медведев (Симахин, Евплов)
3:0 - 22:29 - Кравченко (Дронов, Толен)
4:0 - 32:21 - Миндубаев (Тусупбеков, Бакыт)
Қақпашылар: Алпысбаев - Гюлай
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионының А тобында сынға түседі. Қарсыластары — Дания, Мажарстан, Словения, Австрия және Украина.
Енді ел құрамасы 23 сәуірде Дания, 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер буллиттен Словенияға жол берді.