Әлем чемпионаты: Хоккейден жасөспірімдер құрамасы Украинамен ойнайды

Фото: Фото: ҚХФ

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Украинаға қарсы өткізеді.

Отандастарымыз бірінші дивизионның А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Дания, Мажарстан, Словения, Аустрия және Украина.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлығында қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті.

Сондай-ақ аталған топта бүгін Дания мен Словения, Мажарстан мен Аустрия ойнайды.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Словенияға буллиттен 2:3, Данияға 2:5 есебімен есе жіберсе, одан кейін Мажарстанды 4:0, Аустрияны 4:2 есебімен тізе бүктірді

Турнир кестесінде жеті ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Украинаны тізе бүктірген жағдайда он ұпаймен екінші орынға көтеріледі.

Көш басында 12 ұпаймен Дания құрамасы келеді. Одан кейінгі орындағы Украина — 9 ұпай еншілесе, төртінші-бесінші орындардағы Словения — 5, Аустрия 3 ұпай жинады. Әзірге Мажарстанның қоржыны бос.