Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні басталды.
Отандасымыз Ислам Евлоев (-97 кг) іріктеуде мысырлық палуан Мұхаммед Габарды жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Енді 1/8 айналымда Литва өкілі Миндаугас Венчайтиспен күреседі.
Бұған дейін Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарында тарихи нәтижеге қол жеткізгенін жазғанбыз.