Әлем чемпионаты: Канада хоккей құрамасы Даниядан жеңіліп, жарысты аяқтады

Фото: Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Канада құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында жарысты ширек финалда аяқтады.

Канадалық хоккейшілер ширек финалда Даниямен жұп құраған еді. Жанкүйерлер оларды жартылай финалға ешбір қиындықсыз жолдама алады деп ойлаған еді. Дегенмен ойын барысында даниялық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Ойын барысында канадалық Трэвис Санхайм 45-минутта есеп ашса, одан кейін даниялық Николай Элерс 57-минутта минутта таразы басын теңестірді.

Ал Ник Олесеннің 59-минутта соққан голы Данияға жеңіс алып келді.

Тағы бір кездесуде Швеция құрамасы Чехияны 5:2 есебімен сүріндірді. 

Кездесуде швециялық Лео Карлссон 12, 34, Лукас Рэймонд 16, 19, Филип Форсберг 55-минутта мергендік танытса, оған чехиялық Роман Червенка 23, Михаэль Шпачек 48-минутта екі голмен жауап қайырды.

Енді 24 мамырда жартылай финалда АҚШ пен Швеция, Швейцария мен Дания кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Швейцария құрамасы ширек финалда Аустрияны 6:0 есебімен жеңсе, АҚШ құрамасы Финляндияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Барлығы кездесудің біреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберді.

Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.

Салдарынан қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға түсіп қалды.