АСТАНА. KAZINFORM — Португалияның Монтемор-у-Велью қаласында байдарка мен каноеде есуден 23-27 шілде аралығында жастар және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтеді.
Дүниежүзілік додаға қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Олардың қатарында 23 жасқа дейінгілер арасында Дмитрий Холмогоров, Денис Кленин, Егор Краснонос, Бекарыс Раматулла, Дмитрий Людиков, Нұржан Муфтукулұлы, Әнуар Алмағамбетов, Вячеслав Салов, Стелла Суханова, Руфина Искакова, Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Мария Карманова, Полат Төребеков сынға түседі.
Ал жастар құрамасында Дінмұхаммед Шынқожаев, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Юрий Горбов, Эвелина Костенко және Малика Тұрсын ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын байдарка мен каноеде есуден Қазақстан құрамасы Беларусь астанасы Минскіде өткен «Мықтылар кубогында» қола медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.