АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында ерлер құрамасы арасындағы командалық жарыста қазақстандық балуандар финалға жолдама алды.
Жартылай финалда олар Грузияны 4:2 есебімен жеңді. Бұдан бұрын Моңғолияны 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Айта кетсек, 13-14 мамыр күндері әлем чемпионатында жекелей сындағы белдесулер аяқталды.
Әлем чемпионатында екі күннің қорытындысы бойынша ел құрамасы жекелей сында 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншіледі.
J2 санатынан Бексұлтан Құлмырза (81 келі) мен Жұрқамырза Шүкірбеков (95 келіден жоғары) алтын алса, Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі) мен J2 санатында Аяла Мереке (70 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
J1 санаты бойынша Ерғали Шамей (81 келі), Айназ Құралова (46 келі), Бағланбек Оңалбек (95 келіден жоғары), Ерлан Өтепов (95 келіден жоғары), J2 санатында Даяна Федосова (60 келі) қола жүлдегер болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.