Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан екі балуан финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты.
Дүбірлі додада ел құрамасынан мұндай мүмкіндікке Нұрдәулет Кұмарұлы (48 келі) мен Асқар Нұрәли (55 келі) ие болды.
Сондай-ақ енді ел құрамасынан Жаңажол Қуанышбек (45 келі), Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Шамиль Досбол (65 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) бозкілемге шығады.
Әлем чемпионаты 27-31 шілде аралығында өтеді.
Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.
Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер қатарында Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков бар.
Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық мамандар Парижде өткен Олимпиада ойындарына төреші ретінде шақырылған еді.