Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.
Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Әзербайжанмен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында әзербайжандық футболшылар қатарынан 19-минутта Эшгин Тагиев есеп ашты. Одан кейін қазақстандықтар қатарынан үш гол соғып кетті. Бұл голдар Нұрсұлтан Жүсіпов (30-минут), Жәнібек Сейітжан (41), Оралбек Егізбаев (45) еншісіне жазылды.
Ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.
Одан кейін жарыс сатысында Мексика, Чехияны қапы қалдырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш мәрте финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы - Румыния.
Айта кетсек, бұған дейін ел құрамасы 2015, 2017 жылдарда 11-орын алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.