Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салады.
Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, Insport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастарының нәтижесі:
1-орын (1997, Киев, Украина)
1-орын (2007, Торре-Пелличе, Италия)
1-орын (2015, Дунайварош, Венгрия)
1-орын (2018, Куршевель, Франция)
4-орын (2022 жыл, Хёрсхольме, Дания)
2-орын (2023 жыл, Галифакс, Монктоне, Канада)
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жастар жолдастық кездесуде Венгрия және Франция құрамаларынан басым түсті.