Әлем чемпионаты: Виктория Графеева ширек финалға шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 11 наурызда Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде 1/8 финалда Виктория Графеева (60 кел) грекиялық София Легакимен кездесті.

Жекпе-жек барысында Виктория сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) шаршы алаңға шығады.

Ал бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі) марокколық Ясмин Мутакиді тізе бүктірді.

Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.

Алдағы күндері Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі) сынға түседі.

Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі) 1/16 финалда мексикалық Патино Хуарезге есе жіберді.