АСТАНА. KAZINFORM - Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында ең жеңіл салмақтағы Әнел Абдрасилова мен Аружан Жаңабаев жартылай финалға өтті.
Әнел Абдрасилова ширек финалда Венесуэла спортшысын 5:0 есебімен жеңді. Енді ол 31 қазанда өтетін жартылай финалдық кездесуде мексикалық Пицзаро Ампаранмен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Аружан Жаңабаева (63 келі) Польша өкілінен 5:0 есебімен басым түсті. Ол жартылай финалдық бәсекеде Ирландия мен Өзбекстан боксшылары жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетсек, енді ел құрамасынан қыздардан ширек финалда Елянур Тұрғанова (50 келі), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі), Панар Сейітханқызы (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Әлем чемпионаты 3 қарашада мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.